Цифрлық техниканы монтаждаушы және реттеушінің қызметі күрделілік деңгейі әртүрлі міндеттерді қамтиды: компьютерлік техника мен құрамдас бөлшектерді монтаждау, жөндеу, іріктеу мен сатып алудан бастап, серверлері қуатты және пайдаланушы станциялары көп компанияларға қызмет көрсетуге дейін.
Басты міндеттері пайдаланушыларға арналған компьютерлердің, желінің және компьютерлік бағдарламалардың оңтайлы жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету және монтаждау. Бұл маман есептеу кешендері мен желілерді монтаждау және оған қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, операциялық жүйелер мен бағдарламалық жасақтаманың ақаусыз жұмыс істеп тұрын бақылайды, жаңа бағдарламалық жасақтамаларды орнатады, жүйелерді үйлестіреді және басқарады, оның ішінде қашықтан қолжетімділік режимінде және т.б.
Еңбекақысы жұмыс орнына, біліктілік деңгейі мен тәжірибесіне байланысты болады. Орта есеппен алғанда жас маман жалақысы 90 мың теңгені құрайды.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 2-3 жыл. Бұл мамандықта тәжірибенің болуы өте маңызды.
Бұл маманның бойында мынадай бірқатар жеке қасиеттер болуы қажет: ұқыптылық, зейінділік, мақсаттылық, өз бетінше шешім қабылдай алуу қабілеті, жауапкершілік, коммуникабельділік, сондай-ақ логикалық ойлау, есте сақтау қабілетінің жоғары деңгейі. Техникалық жаңалықтарға айқын қызығушылығы және техникамен жұмыс істеуге бейімі болуы керек.
Саланың ерекшелігі мынада - бұл жерде практикалық дағдылар бағаланады, алайда жас мамандар белгілі бір міндеттерді орындау барысында қандай да бір қиындықтарға тап болуы мүмкін. Еңбек нарығында сұранысқа ие болуы үшін цифрлық техниканың жұмысын монтаждау және реттеуд өз біліктері мен дағдыларын үнемі жетілдіріп отыруы қажет.
Бұл мамандықтың артықшылығы - еңбек нарығында осы мамандарға сұраныстың болуында, сондай-ақ жалақының динамикалық өсуінде.
Бұл мамандықтың кемшілігі - арқа, мойын және көз ауруына алып келетін кәсіптік аурулардың пайда болу мүмкіндігінде.
Бұл бейіннің мамандары түрлі саладағы кәсіпорындарда қажет.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек