Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Хабарландыру

Хабарландыру

«Теміртау техникалық колледжі» КМҚК төмендегі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Физика пәнінің оқытушысы — оқыту тілі орыс тілінде, 1 бірлік.
  2. Химия пәнінің оқытушысы — оқыту тілі қазақ және орыс тілдерінде, 1 бірлік.
  3. Тарих пәнінің оқытушысы — оқыту тілі қазақ және орыс тілдерінде, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақы

Санаты Еңбек өтіліне байланысты ең төменгі лауазымдық жалақы Санаты үшін қосымша ақы
В-1-4 156 267 теңге
Педагог-модератор 156 267 теңгеден бастап Лауазымдық жалақының 30%-ы
Педагог-сарапшы 156 267 теңгеден бастап Лауазымдық жалақының 35%-ы
Педагог-зерттеуші 156 267 теңгеден бастап Лауазымдық жалақының 40%-ы
Педагог-шебер 156 267 теңгеден бастап Лауазымдық жалақының 50%-ы

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімінің немесе тиісті бейін бойынша кәсіптік білімінің болуы. Еңбек өтіліне талап қойылмайды.

Жоғары біліктілік деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша:

  • педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл;
  • педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл;
  • педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
  • педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы қажет.

Лауазымдық міндеттері

  • оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады;
  • тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және олардың дамуына жәрдемдеседі;
  • оқытудың тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, сондай-ақ жаңа педагогикалық технологияларды қолданады;
  • білім алушылардың сапалы білім, білік және дағдыларды меңгеруін қамтамасыз етеді;
  • оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
  • білім беру процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
  • жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
  • білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі

Құжаттар электрондық немесе қағаз түрінде ұсынылады:

  1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген, осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
  3. Нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (бар болған жағдайда).
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері.
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда).
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген № 075/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
  8. Наркологиялық ұйымнан анықтама.
  9. Ұлттық біліктілік тестілеуінен өткені туралы сертификат немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының бар екенін растайтын куәлік (бар болған жағдайда).
  10. Осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Кандидат біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады. Оларға біліктілікті арттыру, ғылыми немесе академиялық дәреже беру, әдістемелік жарияланымдар мен біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдары жатады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы рет жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады.

 

 

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2026 ж. 24 тамыз
Хабарландыру

Объявление

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 24 тамыз
Хабарландыру

Хабарландыру

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 24 тамыз
Конкурс

преподавателя-организатора начальной военной и технологической подготовки, преподаватель физики, педагог организатор, методист

Толығырақ
Жаңалық
2026 ж. 24 тамыз
Алтын күз – 2025

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+7 (7213) 91‒93‒11(приемная)
smart9ibcp@gmail.com
г. Темиртау, 71 квартал, строение 5 Мекен-жайды картада көрсету
https://shik.mycollege.kz/