Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Хабарландыру

"Теміртау техникалық колледжі" КМҚК (заңды тұлға) мекенжайы: Темітау қ., а. 71-квартал , 5 құрылым, анықтама үшін тел. тел. 8(7213)919311, e-mail: smart9ibcp@gmail.com, "аға шебер" бойынша 1 бірлік,  бос лауазымдарына конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

     жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін ұйымдарда орта басшы құрам лауазымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

      техникалық шығармашылық үйірмелер жетекшілерінің, өндірістік оқыту шеберлерінің өндірістік оқытудың сабақ беретін сабақтарының жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын үйлестіреді, нұсқау береді, жеке-әдістемелік жұмыс жүргізеді;

      білім беру ұйымдарында өндірістік оқытуды және кәсіпорындарда кәсіптік практиканы ұйымдастырады;

      оқу (өндірістік) практикасын өткізу бойынша әлеуметтік әріптестермен жұмысқа қатысады;

       өндірістік оқытудың мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

       оқытудың инновациялық, дамытушы элементтерін, өндірістік оқытудың үздік шеберлері жұмысының жаңа техникалық жетістіктері мен озық әдістерін зерделейді, таратады және практикаға енгізеді;

      өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      оқу шеберханаларын жабдықтармен, материалдармен, аспаптармен, техникалық құралдармен, көрнекі құралдармен жарақтандыру, станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, айлабұйымдарды баптау және жөндеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

       білім беру ұйымының өндірістік қызметін ұйымдастырады;

       шеберханалар мен жабдықтардың қауіпсіз жай-күйін, оқу шеберханаларында, зертханаларда, цехтарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

       қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаманың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады;

      өндірістік оқыту журналдарының жүргізілуін бақылайды, есептілікті ұсынады;

       білім алушылардың өндірістік жұмыстарды орындау нәтижелерін талдайды;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өртке қарсы қорғау жөніндегі талаптарды орындайды;

      белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.

 

 

Лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек өтіліне байланысты

 

min

max

С-2

159628 т.

188049 т.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі (электрондық немесе қағаз түрінде):

      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;

      2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

      4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы№ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген)бекітілген нысан бойынша (№075/у) денсаулық жағдайы туралы анықтама;;

      7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.

Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 18 наурыз
Хабарландыру

"Теміртау техникалық колледжі" КМҚК (заңды тұлға) мекенжайы: Темітау қ., а. 71-квартал , 5 құрылым, анықтама үшін тел. тел. 8(7213)919311, e-mail: smart9ibcp@gmail.com, "аға шебер" бойынша 1 бірлік, бос лауазымдарына конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 18 наурыз
Хабарландыру

"Теміртау техникалық колледжі" КМҚК (заңды тұлға) мекенжайы: Темітау қ., а. 71-квартал , 5 құрылым, анықтама үшін тел. тел. 8(7213)919311, e-mail: smart9ibcp@gmail.com, "өндірістік оқыту шебері" локомотив машинисінің көмекшісі мамандығы бойынша 1 бірлік, бос лауазымдарына конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 18 наурыз
Хабарландыру

"Теміртау техникалық колледжі" КММ (заңды тұлға) мекенжайы: Темітау қ., а. 71-квартал , 5 құрылым, анықтама үшін тел. тел. 8(7213)919311, e-mail: smart9ibcp@gmail.com, "өндірістік оқыту шебері" локомотив машинисінің көмекшісі мамандығы бойынша 1 бірлік, бос лауазымдарына конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 18 наурыз
Хабарландыру "Теміртау техникалық колледжі" КММ, "өндірістік оқыту шебері" электромонтер мамандығы бойынша 1 бірлік, бос лауазымдарына конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Хабарландыру "Теміртау техникалық колледжі" КММ (заңды тұлға) мекенжайы: Темітау қ., а. 71-квартал , 5 құрылым, анықтама үшін тел. тел. 8(7213)919311, e-mail: smart9ibcp@gmail.com, "өндірістік оқыту шебері" электромонтер мамандығы бойынша 1 бірлік, бос лауазымдарына конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+7 (7213) 91‒93‒11(приемная)
smart9ibcp@gmail.com
г. Темиртау, 71 квартал, строение 5 Мекен-жайды картада көрсету
https://shik.mycollege.kz/