"Теміртау техникалық колледжі" КММ (заңды тұлға) мекенжайы: Темітау қ., а. 71-квартал , 5 құрылым, анықтама үшін тел. тел. 8(7213)919311, e-mail: smart9ibcp@gmail.com, педагог-психолог, бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат немесе тиісті профилі бойынша жоғары білімі және (немесе) орта немесе жоғары біліктілік деңгейі болса мамандығы бойынша еңбек өтілі: педагог модераторларға - 3 жылдан кем емес, педагог-сарапшыларға - 4 жылдан кем емес, педагог-зерттеушілерге -5 жылдан кем емес.
Лауазымдық міндеттері:
Белгіленген нысан бойынша есепті құжаттаманы жүргізеді, білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтаудың әртүрлі жағдайларында бағдарлауға дайындығын дамытуға ықпал етеді. АКТ құралдарын пайдалана отырып, қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқытуды басқарудың және оқу процесін ұйымдастырудың электрондық жүйелерінде жұмыс істеу дағдыларын меңгереді, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады.
Лауазымдық жалақысы:
Санаты |
Еңбек өтіліне байланысты
|
|
min |
max |
|
В-3-4 |
124586,88т |
148300,86т |
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі (электрондық немесе қағаз түрінде):
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы№ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген)бекітілген нысан бойынша (№075/у) денсаулық жағдайы туралы анықтама;;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.
Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.